Ссылки доступа

Қазақстанда әншілерге арналған жаңа заң жобасы талқыланып жатыр (видео)


Қазақстанда әншілерді фонограммамен айтатыны жөнінде алдын ала ескеріліп, мұндай концерттерге билетті арзан сатуға міндеттеу ұсынылды.

Мәжіліс қабылдап, сенатқа жолданған заң жобасында қазақ халық әндерін бұрмалауға, әншілердің сахнаға мас күйінде шығуына және көрерменді кемсітуіне тыйым салынған.

Без фонограммы и переделок казахских песен: новые правила для певцов в Казахстане
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:14 0:00

"Фонограммамен орындайтын әнші жанды дауыспен ән айтқанға қарағанда аз ақша алу керек. Бұл көрермендер мен орындаушылар арасындағы келісімнің келесі сатысы болуы мүмкін. Бірақ болашақта фонограммаға толық тыйым салыну керек, соған баруымыз керек", - деді мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин.

Казахстан: мелодии и ритмы зарубежной эстрады
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:30 0:00

"Көрермендерге фонограммамен айта ма, жанды дауыспен айта ма, айырмасы жоқ. Мысалы, Қазақстанға Ольга Бузова келді дейік. Оның ән айта алмайтыны белгілі, бірақ халық барады. Деңгейі төмен болғандықтан, оларға бәрібір", - деді музыкант және продюсер Олжас Байкан.

Парламенттің бірқатар депутаттары айтылатын әннің сапасына да көңіл бөліп, дәстүрлі қазан әндерін қазіргі заманға сәйкес бұрмалауға толық тыйым салынуы керек деді. Бірақ әншілер бұл орынсыз дейді.

"Толық тыйым болмауы керек. Аранжировкамен әнді бұзса да, жақсы етіп қойса да болады. Егер сапалы болса, қазіргі заманға сәйкестендіріп неге өзгертпеске? Бұл жаңа тенденция, жаңа бағыт, заман талабы", - деді сазгер Алтынбек Қоразбаев.

XS
SM
MD
LG