Ссылки доступа

Тәжікстанның Хорог қаласында жанкүйерлер төбелесіп, 21 адам жараланды


Хорог

Хорог қаласында жергілікті екі футбол командасының жанкүйерлері төбелесіп қалды. Оқиға 19 қыркүйекте N 2 орта мектептің футбол алаңында болған. Сол күні алаңда "Гулакен" және "Жоғарғы Хорог" командалары ойнаған.

Жанкүйерлер бір-біріне тас лақтырды. Соның салдарынан 21 адам жараланды, деп хабарлады Тәжікстанның ішкі істер министрлігі. Мектептің жиырма терезесінің әйнегі сынған.

Құқық қорғау органы мәліметіне қарағанда, жанкүйерлер алты автокөліктің, "Амонатбанк" ғимаратының бес терезесінің әйнегін сындырған.

Қылмыстық іс қозғалды. Төбелескен жанкүйерлерді іздеп жатыр. Жаппай төбелес себебі әзірге белгісіз.

N 2 орта мектеп директоры Гулруз Наврузовтың айтуынша, сол күні "Гулакен" командасы "Жоғарғы Хорогты" 2:1 есебімен жеңген. Төбелес матч аяқталған соң басталған. Төбелес шамамен 10-15 минутқа созылған.

Таулы Бадахшан автономиялы облысының билігі Хорогтағы төбелеске қатысты әзірге мәлімет таратпады.

XS
SM
MD
LG