Ссылки доступа

Ресей Беларусьпен, Қазақстанмен және Қырғызстанмен әуе қатынасын қайта орнатты


Ресей Беларусьпен, Қазақстанмен және Қырғызстанмен әуе қатынасын қайта орнатты, деп хабарлады ТАСС. Тиісті қаулыға премьер-министр Михаил Мишустин қол қойды.

Осы елдердің астаналарына - Минск, Нұр-Сұлтан және Бішкек қалаларына аптасына бір мәрте әуе рейсі қатынайды. Ал 27 қыркүйекте Ресей Оңтүстік Короямен әуе қатынасын қайта орнатады.

Халықаралық әуе қатынасының ашылуына байланысты, 21 қыркүйектен бастап шетелдегі азаматтарды елге жеткізу бағдарламасы тоқтайды.

Беларусьта пандемия басталғалы бері шамамен 76 мың адам коронавирус жұқтырды. Қазақстанда 107 мың адамнан, Қырғызстанда 45 мың адамнан коронавирус анықталды. Ресейде вирус жұқтырғандар бір миллионнан асып кетті.

XS
SM
MD
LG