Ссылки доступа

Мирзияев БҰҰ Бас Ассамблеясында алғаш рет өзбек тілінде сөз сөйлейді


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 23 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 75-сессиясында баяндама жасайды.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бас ассамблеяның сессиясы алғаш рет видеоконференция форматында өтеді.

Форумның жалпы отырысында баяндама жасайтын Шавкат Мирзияев аймақтағы және әлемдегі маңызды мәселелерге қатысты пікір айтады, Өзбекстанның саяси, әлеуметтік және экономикалық бағдарын түсіндіреді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, "президент, тәуелсіз Өзбекстан тарихында алғаш рет, өзбек тілінде баяндама жасайды".

Мирзияев 2017 жылы қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 72-сессиясында баяндама жасаған. Мемлекет басшысы сол кезде орыс тілінде сөйлеген.

XS
SM
MD
LG