Ссылки доступа

Өзбекстан 8 ай ішінде алтын сатуда жаңа рекорд орнатты


Биыл қаңтардан тамыз айына дейін Өзбекстан 5,8 млрд долларға алтын экспорттаған.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, бұл былтырғы жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 147,2 процентке немесе 1,8 млрд долларға көп.

Алтын экспорты сегіз ай ішіндегі жалпы экспорт көлемінің 50 процентін құраған.

Есепке сәйкес, бір ғана тамыз айында 2,5 млрд долларға алтын экспорттаған.

Ал сыртқы сауда айналымы соңғы сегіз айда 24,5 млрд доллар болған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 млрд долларға аз.

Өзбекстан шілде айында 11,6 тонна алтын сатып, әлемдегі ең ірі алтын сатушыға айналды. Екінші орынға Монғолия шықты, шілде айында 6,1 тонна алтын сатқан.

XS
SM
MD
LG