Ссылки доступа

Ферғана дәрігерлері жаңа COVID-орталыққа кезекшілікке шығуға мәжбүр


Өзбекстанның Ферғана облысы Қува ауданындағы дәрігерлерді жаңадан ашылған COVID-орталыққа кезекшілікке шығуға мәжбүрлеген.

Дәрігерлердің айтуынша, аудандағы медициналық бірлестік басшылығы кезекшіліктен бас тартқандарды жұмыстан шығасың деп қорқытқан. Дәрігерлер жаңадан ашылған орталықта дәрігерлерге жағдай жасалмағанын, жұқпалы аурулардан қорғану заттары жоқ екенін айтып отыр. Алайда аудан басшылығы дәрігерлердің шағымын жоққа шығарды.

Бір апта бұрын аудандағы "Бегат" ауылының ауруханасы коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін мекемеге айналды. Енді осы орталыққа аудандағы басқа да емдеу мекемелерінде істейтін дәрігерлерді кезекшілікке тартып жатыр.

– Қуда ауданының медициналық бірлестігінің басшылығы аудандағы дәрігерлерге ай сайын төрт мәрте COVID-орталыққа кзеекшілікке шығуды тапсырған. Бас тартқандар жұмыстан шығатынын да ескертті. Дәрігерлер амалсыздан келісіп жатыр, – деді есімі мақалада аталмауын сұраған дәрігер.

– Мен бір тәулік кезекшілікте болдым. Бас тартуға қорықтым, өйткені басшылық мені жұмыстан шығарыр жібереді. Енді өзім ауру жұқтырып алмасам. Ыстығым көтеріліп тұр, – деді тағы бір дәрігер.

"Бегат" ауылындағы жаңа орталықта 37 науқас бар, төртеуі жансақтау бөлімінде емделіп жатыр. 20 қыркүйекте мекемеде бір науқас пневмониядан қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG