Ссылки доступа

Тәжікстанда төрт ине жұтқан сарбаз әскерден қашқаны үшін 2,5 жылға сотталды


Душанбе гарнизонының әскери соты қатардағы сарбаз Фаридун Зиевуддиновты әскерде қызмет атқарғысы келмегені үшін 2,5 жылға соттады. Сарбаз төрт ине жұтқан.

21 жастағы жігіт биыл сәуір айында әскер қатарына қабылданған.

Тергеушілер қатардағы сарбаз әскерден уақытынан бұрын босау үшін төрт ине жұтқанын анықтады.

Фаридунның туыстары тергеу нұсқасымен келіспейді, сот үкімі тым қатал деп есептейді.

Сарбаздың анасы Дилором Зиёвуддинованың айтуынша, ұлы үйге жақын әскери бөлімшеге ауысқысы келген. "Біз оның үйге жақын болғанын қаладық, ал оны Худжандқа жіберді", - дейді сарбаздың анасы.

Оның айтуынша, әскерде Фаридунға қысым көрсеткен. "Оған төрт ине жұтуға мәжбүрлеген. Инелерді ауруханада ағзасынан алып шықты, бірақ оның денсаулығы жоқ. Балам әскерден қашпадым деп отыр", - дейді Дилором.

Душанбе гарнизоны әскери сотының төрағасы Хотам Раджабзоданың айтуынша, сарбаз адвокат қызметінен бас тартқан.

Сот үкімі 10 қыркүйекте шықты. Сотталушының туыстары үкімге шағым түсіруді көзеп отыр.

XS
SM
MD
LG