Ссылки доступа

Өзбекстан елде фильм түсірген шетел кинокомпанияларының шығынын көтереді


Өзбекстан билігі ел аумағында филь түсірген шетел кинокомпаниясының 20 пайыз шығынын (бірақ 300 мың доллардан аспауы тиіс) бюджет есебінен өтейді.

Өзбек үкіметі 19 қыркүйекте осындай қаулы қабылдады.

Өзбекстан әділет министрлігінің хабарлауынша, шетел кинокомпаниясы ол үшін "Өзбеккино" ұлттық агенттігінен республика аумағында фильм түсіруге рұқсат алып, әріптестік туралы меморандум қабылдауы тиіс.

Бұған қоса, шетел кинокомпаниясы Өзбекстандағы коммерциялық банктердің бірінен арнайы есеп ашады.

Шығынды өтеуге қатысты құжаттарды Өзбекстанның қаржы министрлігіне тапсыру қажет. Министрлік он күн ішінде шешім шығарады.

XS
SM
MD
LG