Ссылки доступа

"Түркіменпошта" 100-ден астам қызметкерін қысқартты


Illýustrasiýa suraty

Экономикалық дағдарысқа түскен Түркіменстанда тағы бір мемлекеттік мекеме жүзден астам қызметкерін қысқартты.

"Лебап уәлаятында "Түркіменпошта" компаниясында қысқарту жүріп жатыр. Уәлаятта бірнеше күн ішінде 120-дан астам қызметкер қысқарды" деп хабарлады Азатлык тілшісі.

Мысалы, Фарап этрапында он дайхан бірлестігіне бір ғана пошта қызметкері қалған.

Тілшінің хабарлауынша, пошта басшылығы қысқарту себебін түсіндірмеген. Жұмыссыз қалғандарға өтемақы төленбейді, жаңа жұмыс табуға ешкім көмектеспейді.

Жоғары лауазымды шенеунікпен байланысы барлар 40 мың манатпен жұмысын сақтап қала алатыны айтылды. Бұл - ресми бағаммен 11428 доллар, қара базардағы бағаммен 1600 доллар.

"Қарапайым түркімен үшін 40 мың манатты табу оңай емес. Бірақ баласы шетелде оқитындар мемлекеттік қызметтен айрылғысы келмейді, өйткені балаларына ақша жіберу үшін түркімен банктерінің қызметін солар ғана пайдалана алады", дейді тілші.

Түркіменстанда бірнеше жылдың ішінде ондаған мемлекеттік мекеме қысқарып, мыңдаған адам жұмыссыз қалды.

XS
SM
MD
LG