Ссылки доступа

Ресей Қырғызстанға коронавирус вакцинасын жеткізу мәселесін қарайды


Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук осылай деп мәлімдеді. Ол Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің қабылдауында болды.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Жээнбеков Ресейден вакцина сұраған-сұрамағаны туралы мәлімет таратпады. Мемлекет басшысы 12 қыркүйекте "Биринчи радиоға" берген сұқбатында Қырғызстанға вакцина жеткізу жөнінде келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеген.

11 тамызда Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы отандық вакцина тіркеуден өткенін айтқан. Препарат "Спутник V" деп аталады.

Вакцинаны тіркеуден кейінгі сынақтап өткізіп жатыр. Оған 40 мың адам қатысады. Мұндай сынақ екі айдан жарты жылға дейін созылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG