Ссылки доступа

Тәжікстанда президент сапары қарсаңында ауыл билігі өкілдері халықтан ақша сұраған


Эмомали Рахмон Хатлон облысында. Бохтар қаласы, 22 қыркүйек.

Тәжікстанның Хатлон облысы Вахш ауданы тұрғындары ел президенті Эмомали Рахмон сапары қарсаңында әр үйге барып, 20 сомониден жинап жатқанын хабарлады. Бірақ жергілікті билік шаруа қожалықтарының иелерінен ғана ақша жинадық дейді.

22 қыркүйекте президент Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Хатлон облысына барған.

Осы өңірдің тұрғыны Жумагул Ашурова жергілікті билік өкілдері келіп, әр отбасынан 20 сомонидан (2 доллар) жинап жатқанын айтты.

"Мен 8 бала өсіріп отырмын. Оның екеуі – мүгедек. Мен өзім ақшаға зәрумін. Бір жағынан бізде не мектеп, не емхана жоқ. Балалар 8 шақырым қашықтықта орналасқан мектепке барады. Сәуір айында біздің үй жер сілкінісінен зардап шекті. Қазір бізден ақша сұрап отыр", - дейді Жумагул Ашурова.

Ал жергілікті билік өкілдері болса президент сапарына бюджеттен ақша бөлінбегенін, тұрғындардан көмек сұрауға мәжбүр болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG