Ссылки доступа

Қырғызстан Ресейден не үшін дизель отынын сұрағанын түсіндіре алмады


Қырғызстан маусым айының аяғында Ресейден баж салығынсыз дизель отынын көп жеткізуін сұраған. Бірақ сұраныстың не себептен артқанын Ресей тарабына түсіндіре алмады.

Бұл туралы Қырғызстанның Өнеркәсіп, энергетика және жер қазынасын пайдалану жөніндегі комитет мәлімдеді.

Мекеме 29 маусымда Ресейдің Энергетика министрлігіне жіберген хатында баж салығынсыз дизель отынын көбейту керектігі жөнінде өтініш жазған. Ресей сұраныстың не себептен артып отырғанын сұраған.

Ресей Қырғызстанның жанармай нарығында монополист болып есептеледі. Елдің бензинге және дизельге бір жылдық мұқтаждығы 1 миллион тоннадан асады. Қырғызстан мен Ресей Еуразия экономикалық қауымдастығына (ЕАЭБ) мүше екеніне қарамастан, жанармайды жеткізу мәселесі екі тараптың өзара келісімі бойынша жүзеге асады.

Қырғызстан жыл сайын Ресейден баж салығынсыз 1 миллион тоннаға дейін жанармай сатып алады.

XS
SM
MD
LG