Ссылки доступа

Еуроодақ саммиті қазан айына шегерілді


Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель. Брюссель, 19 тамыз, 2020.
Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель. Брюссель, 19 тамыз, 2020.

Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Еуропалық одақтың (ЕО) 24-25 қыркүйекке белгіленген саммиті 1-2 қазанға шегерілгенін мәлімдеді.

Бұл Мишельдің уақытша карантинге алынғанына байданысты — ол жақында қауіпсіздік қызметінің коронавирус жұқтырып алған өкілімен сөйлескені анықталған.

Еуропа кеңесінің өкілі Баренд Лейтц Твиттер парақшасына Шарль Мишель карантинде болуы керек деген жазған. Оның сөзінше, кеңес басшысы қайта-қайта тесттен өтіп жатыр, дүйсенбі күні тапсырған анализі таза шыққан. Бірақ Бельгиядағы эпидемиологиялық ережелер бойынша ол карантинде болуы керек.

ЕО кезекті саммитінде Брекзит бойынша келіссөздерден басқа, климаттың өзгеруі, Жерорта теңізінің шығыс бөлігіндегі сутек кендерін іздеуге байланысты Түркия мен Грекия арасындағы кикілжіңді талқылау жоспарланған. Бұдан бөлек күн тәртібінде Беларусь лидері Александр Лукашенкоға қарсы санкцияларды қарап, қабыл алу мәселесі де бар.

XS
SM
MD
LG