Ссылки доступа

Тәжікстанда студенттерден маска тағуға міндеттейтін қолхат жинап алған


Тәжікстанның бірнеше жоғары оқу орнында студенттерден білім мекемесінде маска тағуға міндеттейтін қолхат алған. Маска тақпағандарға айыппұл салынады.

Студенттер тазалық талаптарын орындамаған соң, жоғары оқу орнының басшылығы осындай шара қолдануға мәжбүр болған.

Тәжік ұлттық университеті мен Ауыл шаруашылығы университетінің студенттерінен өткен аптада маска тағуға міндеттейтін қолған жинап алған. Олар медициналық масканы ғимаратта, оның сыртында да тағып жүріге міндетті. Бұған қоса, студенттер екі метрлік арақашықтықты сақтауы тиіс. Маска тақпағандарға айыппұл салынады, тіпті оқудан шығарылады.

Тәжікстанда қоғамдық орындарда да маска тағып жүру міндеттелген, тәртіп бұзғандар айыппұл төлейді.

Тәжік билігі елде коронавирус тіркелгенін сәуір айының соңында ғана жариялады. Республикада 40 жоғары оқу орны бар, оларда 200 мыңнан астам студент оқиды.

XS
SM
MD
LG