Ссылки доступа

Түркіменстанда шлем кимеген велосипедшілерге айыппұл сала бастады


Туркменистан (иллюстративное фото)
Туркменистан (иллюстративное фото)

Мары қаласының полициясы көшедегі велосипедшілерді тексеріп, шлем кимегендеріне айыппұл салды.

"Демалыс күндері Мары қаласында полиция ондаған велосипедшіні ұстады. Олардың әрқайсына 50 манаттан айыппұл салған" деп хабарлады Азатлык тілшісі.

Велосипедшілер полицияның не себепті ұстағанын түсінбеген, өйткені оларға ешкім түсіндірмеген.

"Адамдар велосипед жүргізу үшін арнайы куәлік алу керек шығар деп ойлап қалды. Олар айыппұлды шлем кимегені үшін салғанын кейін білген. Полиция оларға екінші мәрте тәртіп бұзғандарға 150 манат айыппұл салынатынын ескерткен" деп хабарлады тілші.

Азатлык радиосы Мары қаласының полиция бөлімінен велосипед басқару жөніндегі жаңа талаптар туралы мәлімет ала алмады.

Массовки во время глобальной пандемии. Туркменистан отмечает Всемирный день здоровья
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:57 0:00

XS
SM
MD
LG