Ссылки доступа

Сайлау-2020: Бішкекте "Бәріне қарсымыз" акциясы өтті


Қырғызстандағы белсенді азаматтар мен Жасылдар партиясының өкілдері 23 қыркүйекте Бішкекте "Бәріне қарсымыз" акциясын өткізді.

Олар сайлау қарсаңындағы науқан кезінде заң өте көп бұзылғанын айтты. Белсенділер сайлау учаскелерінің өзгертілуіне қарсы шықты.

Милиция алаңда акция өткізетінін алдын ала ескертпеген ұйымдастырушыларды айыптап, оларға пикетті Максим Горький атындағы бақта өткізуді ұсынды. Алайда акцияға жиналғандар бұған келіспеген.

Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау биыл 4 қазанда өтеді. Оған 16 саяси партия қатысады. Сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат науқаны 4 қыркүйекте басталды.

XS
SM
MD
LG