Ссылки доступа

Тәжік азаматтары Дағыстан түрмесінен қашып кетті


Ресейдің тергеу комитеті Махачкала түбіндегі Шамхал ауылындағы № 2 түзеу колониясының қызсметкерлеріне қарсы жұмысына салғырттық танытты деп қылмыстық іс қозғады. Жақында ол жақтан алты бірдей жазасын өтеуші қашып кеткен.

Арасында Тәжікстанның екі азаматы – Шамил Бойматов пен Махмадрасул Машрабов бар.

Түрмеден қашқандар 10 жылдан 14 жылға дейін сотталған азаматтар. Олардың арасында 30 жастағы тәжік азаматы Шамил Бойматов пен 30 жастағы душанбелік Махмадрасул Машрабов есірткі саудасы үшін сотталған. Тағы екеуі "адам өлтіру" бабы бойынша сотталған.

Олар түрмеден қашуды бір жыл бұрын жоспарлаған, осы аралықта абақты аумағынан туннель қазған.

Қазір оларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Ресейдің түзеу мекемесінде 7 мыңнан астам тәжік азаматы жазасын өтеп жатыр.

XS
SM
MD
LG