Ташкенттің Учтеп ауданында ашылған орталық кәсіпкерлер мен демеушілердің ақшасына салынған екен. Бұл жайында аудан әкімі Бобур Мирзаев айтты.
Орталық ашылғаннан кейін, алғашқы жұмыс күні 50 науқас түскен. Қазір бұл мекемеге 750 медициналық қызметкерді жұмысқа тартуды көздеп отыр.
Қазір орталықта 72 адам жұмыс істейді. Олардың 60-ы дәрігер мен медбике. Тағы он ерікті жұмыс істеп жүр.
Осыған дейін Ташкентте "Узэкспоцентрде" мың адамға арналған, "Ёшлик" спорт кешінінде 520 адамдық және Гимнастика сарайында 750 орындық емхана ашылған.