Ссылки доступа

Қырғызстанның Жоғарғы соты "Азия Ньюс" газетіне 300 мың сом төлеуді міндеттеді


Жоғарғы сот 23 қыркүйекте "Азия Ньюс" газетінің апелляциялық шағымын қарады. Азаматтық белсенді Әділ Турдукулов Жоғарғы сот Бішкек қаласы сотының шешімін күшінде қалдырғанын айтты.

Сот шешіміне сәйкес, газет басшылығы елдің ішкі істер министрі Кашкар Жунушалиевке 300 мың сом (3780 доллардан астам) өтемақы төлеуі тиіс.

Бішкек қаласының соты ақпан айында дәл осындай шешім шығарған. Газеттің бас редакторы Аслан Сартбаев пен оның адвокаты бұл шешіммен келіспей жоғарғы инстанцияға шағым түсірген еді.

Енді Жоғарғы сот шешімі қайта шағымдануға жатпайды.

Ішкі істер министр Кашкар Жунушалиев "Азия Ньюс" газетін 2019 жылы 25 сәуірде және 16 мамырда жарық көрген мақала үшін сотқа берген. Онда министрге коллаж жасалынып, "Кашкар егеуқұйрық па?" деген тақырыпта мақала жарық көрген.

Ал 16 мамырда "Генерал Абдыкаровтың кадрларына қолдау көрсететін Жунушалиевті отставкаға жіберу керек" деген материал жарияланды. Бұл мақалалар абыройыма нұқсан келтірді деп санаған министр газеттен 5 миллион сом өтемақы талап етті.

XS
SM
MD
LG