Ссылки доступа

Өзбекстанда мақта жинайтын адам таппағаны үшін сын естіген әйел өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенді


Шахноза Бахромова в больничной палате. Фото сделано 23 сентября 2020 года.
Шахноза Бахромова в больничной палате. Фото сделано 23 сентября 2020 года.

Қашқадария облысы Қасан ауданына қарасты "Богишамол" махалласында 45 жастағы Шахноза Бахромова 23 қыркүйекте таңертең ауруханаға түсті. Ол өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген.

Есін жиған соң ол Қашқадария облысының басқармасын сынаған. Бахромованың айтуынша, ол мақта жинайтын адам таба алмағаны үшін сын естігені үшін сірке суын ішкен. Алайда жергілікті шенеуніктер бұны жоққа шығарып отыр.

Шахноза Бахромова сірке суын ішерден бұрын хат жазып кеткен. Онда ол "Қасан ауданында мәжбүрлеп мақта жинатқызуға қарсылық ретінде" осындай қадам жасағанын айтқан.

"Халық мемлекетке мақта жинайтын кезде ғана керек", - дейді Бахромова.

Қасан ауданы басшысының орынбасары Надира Қадырова болса Бахромоваға ешкім қысым жасаған жоқ деп отыр.

Дәрігерлер Бахромованың денсаулық жағдайын жаман емес деп бағалады.

XS
SM
MD
LG