Ссылки доступа

Душанбеде сот әскери училищенің екі офицерін студент өліміне кінәлі деп шешті


Хошимджон Сафаров

Душанбе гарнизонының әскери соты Жоғарғы шекара әскері училищесінің екі офицерін студент өліміне кінәлі деп танып, оларды алты және сегіз жылға соттады.

Марқұмның туыстары сот шешіміне риза емес. Офицерлердің туыстары да сот үкіміне шағымданғысы келеді.

Рамазон Абдурахимов пен Жахонгир Давлатовқа қатысты сот үкімі 22 қыркүйекте жарияланды. Оларға "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айып тағылған.

Судьяның айтуынша, 20 жастағы Хошимжон Сафаровты училищенің екі офицері ұрған, студент соның салдарынан қайтыс болған.

Сотталушылардың екеуі де тағылған айыптарды мойындамаған. Олар 2019 жылы шыққан рақымшылық туралы заңға ілігіп, жазаның үштен бірі қысқарды.

Бұған наразы болған марқұмның туыстары сот үкіміне апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG