Ссылки доступа

Тәжікстан социал-демократиялық партиясының төрағасы Зойиров белгісіз біреулер шабуылдағанын мәлімдеді


Рахматилло Зойиров

Тәжікстан социал-демократиялық партиясының төрағасы Рахматилло Зойировтің мәлімдеуінше, 22 қыркүйекке қараған түні оған үйінің мағында белгісіз біреулер шабуылдаған.

"Біреу тұспалдан шабуылдап, ауыр нәрсемен екі мәрте соққы жасады. Екінші соққы оң көзіме тиді. Екінші адам мені бар күшімен суға арналған әуізге итеріп жіберді. Мен сол жақ иығыммен құлап, әуізге түсіп кеттім. 4-5 минуттан соң ғана есімді жидым. Шабуылдағандар кетіп қалыпты. Үйге әрең жеттім", - деп жазды Зойиров 24 қыркүйекте Фейсбуктегі парақшасына.

Саясаткер бұған дейін де белгісіз біреулердің шабуылына ұшыраған. 2017 жылы қазанда ол белгісіз адамдардың шабуылына тап болғанын мәлімдеген.

Социал-демократиялық партиясы биыл 11 қазанда өтетін президент сайлауына бойкот жариялаған еді.

XS
SM
MD
LG