Ссылки доступа

Өзбекстанға оқу ауыстыратын студенттер Қырғызстанда құжаттарын ала алмай жүр


Өзбекстанға оқу ауыстыратын студенттер Қырғызстанның Ош қаласындағы оқу орындарынан құжаттарын ала алмай жүр.

Өзбекстандық студенттер Ош қаласындағы оқу орындары құжаттарын қайтаруға асықпайтынын айтты.

Кейбір студенттердің айтуынша, Оштағы университеттер жарты маусымның ақысын төлеуді талап еткен.

Пандемияға байланысты биыл наурызда жабылған өзбек-қырғыз шекарасы 2 қыркүйекте ғана ашылды. Сол себепті өзбек студенттері құжаттарын алып кету үшін Ош қаласына келген.

"Аттестатымызды ала алмай жүргенімізге бір апта болды. Мұнда кезекте адам көп, ал оларды бір-ақ адам қабылдайды", - деді Ош университетінен құжаттарын алғысы келетін өзбекстандық студент.

Өзбекстан үкіметі биыл жыл басында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан оқу орындарындағы студенттерге елдегі білім мекемелеріне ауысуға рұқсат берді. Содан бері мыңдаған студент елге оралған. Мысалы, Ош мемлекеттік университетінен 3500 өзбек студенті Өзбекстанға ауысқан.

XS
SM
MD
LG