Ссылки доступа

Қырғыздың Араван ауданындағы жаппай төбелеске қатысқан төрт адам екі айға қамалды


Қырғызстанда Араван аудандық соты 23 қыркүйекте жаппай төбелеске қатысқан төрт адамды екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

Ош облысы ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Женишбек Ашырбаевтың хабарлауынша, істе алты күдікті бар, солардың бірі қазір ауруханада жатыр.

20 қыркүйекте Ош облысының Араван ауданында "Мекеним Кыргызстан" партиясының сайлаушыларымен кездесуі кезінде жаппай төбелес болды. 12 адам жараланды. Ош облысы милициясының хабарлауынша, "Мекеним Кыргызстан" партиясының өкілі басқа бір партияның кандидатын жамандаған, төбелес содан кейін басталған.

Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау биыл 4 қазанда өтеді. Оған 16 саяси партия қатысады.

XS
SM
MD
LG