Ссылки доступа

Түркіменстанда Тәуелсіздік күні қарсаңында 800 тұтқын бостандыққа шықты


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Тәуелсіздік күні қарсаңында қамауда отырған 800 адамға рақымшылық жасады. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа 24 қыркүйекте қол қойды.

Оған сәйкес, 815 адам бостандыққа шығып, белгілі бір аймақта тұру секілді қосымша жазаларынан босатылады. Рақымшылыққа ілінгендердің арасында үш шетел азаматы бар.

Түркіменстанда ел басшысы түрлі мейрамдар қарсаңында рақымшылық жасайды. Соңғы рет Бердімұхамедов Қадір түні алдында 1 400 адамды бостандыққа шығарған.

Бірақ саяси және діни негіздермен қамалған жүздеген адам президент рақымшылығына ілінген емес.

XS
SM
MD
LG