Ссылки доступа

Орыс-қазақ шекарасында еліне қайтқысы келетін өзбек мигранттары шоғырланып қалды (видео)


Ресейдің Ростов және Самара облыстарында Қазақстанның транзитке рұқсат беруін күткен Өзбекстанның мыңдаған азаматы шатырларда тұрып жатыр.

Жергілікті билік оларға бірнеше уақытша шатыр тігіп берген. Бірақ мигранттар саны өте көп болғандықтан, оларға орындар, киім-кешек пен тамақ жетіспей жатыр.

Как живут мигранты из Узбекистана в лагерях на российской границе
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:11 0:00

9 қыркүйекте Ростов облыстындағы Каменск-Шахтинск қаласында төтенше жағдай енгізіліп, ондағы мындаған мигрант шыға алмай қалған. Олар Ростов облысы арқылы Өзбекстанға барған. Арасында балалы әйелдер бар.

Қыркүйекте Каменск-Шахтинск қаласынан Өзбекстанға мигранттар мінген арнайы үш пойыз жөнелтілген. Бүгінгі күні лагерьде жүздеген адам бар. Олар таза сумен қамтамасыз етілген. Шатырға кіре берісте бәрінің дене қызуы тексеріледі.

Самара облысы Кинель қаласы шетінде де осындай ахуал. Ақпаратқа қарағанда, онда еліне оралғысы келетін 2,5 мың өзбекстандық бар.

Апта басында Өзбекстанның көлік министрлігі 21 қыркүйекте арнайы пойызбен елге 1 800 өзбекстандық жетті жеп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG