Ссылки доступа

Өзбекстан алғаш рет уран өндіру жайлы статистикасын жариялады


Өзбекстан уран қазу бойынша мәліметті алғаш рет көпшілікке жариялады.

"Экономическое обозрение" журналына берген сұқбатында Навои тау-металлургия комбинатының бас директоры Нурмат Жулибеков Өзбекстан уран қазу бойынша әлемде 5-орында, ал уран қоры бойынша 10-орында деп мәлімдеді.

Жулибековтің айтуынша, елде жылына 3500 тонна уран қазылады. Шикізат толық шетелге шығарылып, Франция, АҚШ, Канада, Қытай және басқа елдердегі компанияларға сатылады.

Өзбекстанда уран қоры 140 мың тоннаға жақын. Бұл әлемдік қордың 2,3% құрайды.

XS
SM
MD
LG