Ссылки доступа

Тәжікстан: танымал діни қызметкердің балаларына қатысты тергеу аяқталды


Тәжікстанда 90-жылдардағы белгілі діни қызметкер Саид Киёмиддиннің балаларына қарсы қозғалған қылмыстық іске байланысты тергеу аяқталып, сотқа жіберілді. Бұл туралы Озоди радиосы (Азаттықтың тәжік қызметі) тергеу ісіндегі дереккөзіне сүйеніп хабарлады.

Мәліметке қарағанда, 44 жастағы Саидмухаммадтың, 33 жастағы Саидхасанның және 25 жастағы Саидмухаммадиннің ісі бойынша сот жақын күндері басталады.

22 қыркүйекте "Ахбор" сайты діни қызметкердің үлкен ұлы Саидмухаммад 25 жылға сотталғанын жазған. Бірақ оның анасы бұл ақпаратты теріске шығарды. "Мен балаларыма тергеу абақтысына тамақ апарып тұрамын. Қазір оларға үкім шықпады", - деген ол.

Белгілі дін қызметкерінің ұлдары 17-19 шілдеде ұсталған. Озоди радиосының ақпаратына қарағанда, Саидмухаммад мемлекетке шығын келтірді деп айыпталып жатыр. Дереккөзге қарағанда, ол тәжікстандық екі студентке Иранға виза алып беруге көмектескен. Ал Саидхасан мен Саидмухаммади экстремизм бойынша күдікті ретінде ұсталған.

2017 жылдың қараша айында Саид Киёмиддин Гози Санкт-Петербургта Тәжікстан мен Ресей арнайы қызметі тарабынан ұсталып, Хожент қаласына жеткізілген.

Оның соты жабық өтіп, 2018 жылы мамырда 25 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол "Ұлт, нәсілдік және діни араздықты қоздырды", "Мемлекетке шығын келтірді" және "Коституциялық құрылымды күшпен өзгертуге тырысты" деген баптар бойынша кінәлі деп танылған.

Кейін оның қамаудағы мерзімі 18 жылға қысқартылып, бірақ 2019 жылы мамырда Вахдат түрмесіндегі бүлік кезінде өлтірілген.

XS
SM
MD
LG