Тәжікстанда соңғы бірнеше жылда түрмелерде оқыс оқиғалар жиі болды. 2018 жылдың қарашасында елдегі екі бірдей колонияда қанды оқиға тіркелді. Бүлік кезінде түрме қызметкерлері де қаза тапты.
Әділет министрлігінің жазаны атқару басқармасы кадр бөлімінің басшысы Сиродж Нуровтың айтуынша, ІІМ академиясының 19 түлегі биыл түзеу мекемелеріндегі жұмысқа тікелей қатысы бар мамандыққа ие болды. "Мұндай бөлім бес жыл бұрын ашылған. 19 офицердің барлығы сол бөлімнің алғашқы түлектері. Оларды жазаны атқару жүйесіне жұмысқа шақырған, бірақ барлығы да ұсыныстан бас тартты", - дейді Нуров.
Академия түлектері елдің кез-келген аймағында милиция қызметкері болып істеуге дайын екенін айтты. "Біз ішкі істер жүйесінде қызмет атқаруға дайынмыз. Қазір жұмыссыз жүрміз. Бірақ бізге оқу бітірген соң түрмеде жұмыс істейсіңдер деп ешкім айтпады", - дейді академия түлегі Юсуф Жамшедзода.
Қылмыстық жазаны атқару жүйесі Әділет министрлігіне қарайды. Елде бұл жүйені реформалау қажеттігі туралы ұсыныс үнемі айтылып жүр.