Ссылки доступа

Қырғызстанда доллар тағы қымбаттады


Қырғызстанда АҚШ долларының бағамы тағы да 80 сомға жақындады. Valuta.kg порталының мәліметі бойынша, күндіз сағат 10.40-та Бішкекті айырбас бюроларында доллар 79.76 сомнан сатылып, 79,41 сомнан сатып алынған.

Ұлттық банктің 25 қыркүйекке долларға белгілеген ресми бағамы - 79,3 сом.

Қыркүйек басталғалы бері айырбас бюроларында доллар 1,5 сомға қымбаттады. Әсіресе осы күндері доллар күрт көтерілген. 23 қыркүйекте Ұлттық банк интервенция жасап, валюта нарығында 11,2 млн доллар сатты. Бұған дейін банк интервенцияны 9 қыркүйекте жүргізген. Сол кезде 6,6 млн доллар сатылған.

Биыл наурыз және сәуір айларында Қырғызстанда доллар бағамы күрт көтерілген еді. Сол кезде бір доллар шамамен 85 сомға жеткен. Соған байланысты Ұлттық банк интервенция өткізіп, доллар 73-74 сом маңайына тұрақтаған, бірақ тамыз айында бағам 77 сомнан асып кетті.

XS
SM
MD
LG