Ссылки доступа

Түркіменстанда Конституция өзгеріп, қос палаталы парламент құрылады


Заседание Халк Маслахаты (архивное фото) 

Түркіменстан мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, халк маслахаты жиналысында президент Гурбангұлы Бердымұхамедов бірқатар құжатқа қол қойды. Жиналысқа қатысқандар мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдады.

Халк маслахатының (халық кеңесі) отырысы видеоформатта өтті.

Мемлекет басшысы ұсынған құжаттар арасында Конституцияға өзгерту енгізу туралы заң жобасы да бар. Құжатты халк маслахаты бір ауыздан қолдаған.

"Түркіменстан Конституциясын жақсарта мақсатында көп жұмыс атқарылды. Оған үлес қосқандарға алғыс айтамын", - деді Бердымұхамедов.

Түркіменстанда Конституцияға өзгеріс енгізу процесі өткен жылы күзде басталған. 2019 жылы 25 қыркүйекте халк маслахаты ата заңға өзгеру енгізу жөнінде Конституциялық комиссия құрды. Президент ұсынған конституциялық реформа бойынша, халк маслахаты мен мәжіліс бірігіп, қос палаталы парламент құрылады.

Түркіменстанның экс-президенттері парламенттің жоғарғы палатасына (халк маслахаты) мүше бола алады. Түркіменстан президенті қандай да бір себеппен өз міндетін атқара алмаса, жаңа президент сайланғанша оның міндетін халк маслахаты төрағасы атқарады. Енді мұндай құзырет төменгі палата (мәжіліс) төрағасына ауысады.

Еске салайық, Түркіменстан Конституциясына 2016 жылы қыркүйекте өзгерту енгізілген. Сол кезде ата заңнан 70 жастан асқан адам президенттікке үміткер бола алмайтыны туралы ереже жойылған. Осылайша бұл заң қазіргі президентке өмірінің соңына дейін ел басқаруға мүмкіндік берді.

Түркіменстан Конституциясы 1992 жылы қабылданып, осы уақытқа дейін алты мәрте өзгерген.

XS
SM
MD
LG