"Екі ай бұрынғыдай қатаң карантин болмайтын шығар. Бірақ елде күнде 600-ден астам адамнан коронавирус анықталып жатыр. Халық қажетті шараларды қолданбай жүр деген сөз. Осылай кете беретін болса, үкімет шектеу шараларын күшейтуі мүмкін", – деді Нурмат Атабеков.
Бас санинспектор азаматтарға медициналық маска тағып, қоғамдық орындарда алшақтық сақтау қажеттігін ескертті.
Ресми статистика бойынша, Өзбекстанда пандемия басталғалы бері 53 966 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды, 50 441 адам жазылып шықты, 447 адам қайтыс болды.