Ссылки доступа

Ресей мигранттарға арналған жеңілдіктерді 15 желтоқсанға дейін созды


Ресей президенті Владимир Путин елдегі шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайын реттеу жөніндегі шаралар туралы жарлық мерзімін 15 желтоқсанға дейін созды.

Мигранттарға арналған жеңілдік әуелі 15 наурыздан 15 маусымға дейін қабылданған, кейін оны 15 қыркүйекке дейін созған.

Президент жарлығымен шетел азаматтарының көші-қондағы тіркеуі автоматты түрде созылады. Жұмысқа қабылдар кезде көші-қон құжаттарын талап етпейді.

Осы уақытта көші-қон тәртібін бұзғандарды депортацияламайды, әкімшілік шара қолданбайды.

Ресми мәлімет бойынша, Ресейде Қырғызстанның шамамен 750 мың азаматы жұмыс істеп жүр. Қырғызстан мен Қазақстан азаматтары үшін жұмысқа тұру үшін патент қажет емес.

25 қыркүйектегі мәліметке қарағанда, Ресейде 1 123 976 адам коронавирус жұқтырған, 19 867 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG