Ссылки доступа

Ресейде көпір құлап, 49 қырғызстандық зардап шекті


27 қыркүйекте Ресейдің Мәскеу облысы Ступин ауданындағы "ФМ Сидорово" логистикалық кәсіпорнында көпір құлап, 49 қырғыз азаматы жарақат алды. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі Ресейдегі Қырғызстан елшілігіне сілтеме жасап хабарлады.

Жарақат алған төртеуі ауыр жағдауда ауруханаға жеткізілген. Қаза тапқандар жоқ.

Елшілік мәліметінше, қайғылы оқиға орын алған жерде Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі, тергеу комитеті, прокуратура, жедел жәрдем қызметі, және өзге де тиісті органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Қырғызстан елшілігі және ішкі істер министрлігі өкілдері де қырғыз азаматтарына көмек көрсетіп, зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету үшін оқиға орнына барған.

Ресми ақпарат бойынша, "ФМ Сидорово" кәсіпорнында Қырғызстанның 169 азаматы жұмыс істейді. Олардың ешқайсысында медициналық сақтандыру болмаған.

Бұл оқиға Қырғызстанның Ресейдегі елшісі Аликбек Жекшенкуловтың жеке бақылауында екенін баспасөз қызметі хабарлады.

XS
SM
MD
LG