Ссылки доступа

Тәжікстанда коррупцияға қарсы күресетіндер бір қызметте 3 жылдан артық жұмыс істей алмайды


Тәжікстанда Мемлекеттік қаржыны бақылау және коррупциямен күрес агенттігінің қызметкерлері бұдан былай бір орнында үш жылдан артық жұмыс істей алмайды.

Тәжік үкіметі хабарлағандай, бұл шешім жемқорлықпен күреске бағытталған. Министрлер кабинеті бір қызметте ұзақ істеген адам басқа мемлекеттік қызметкерлермен "келіссөзге" баруы мүмкін деп есептейді.

Тәжікстанда прокуратура мен милиция қызметкерлері де бір қызметінде бес жылдан артық істей алмайды. Енді олардың қатарын коррупцияға қарсы агенттік өкілдері толықтырды.

Тәжікстанда коррупцияға қарсы күрес агенттігі 2007 жылы құрылған. Бірақ елде жемқорлық мәседесі әлі ушығып тұр.

Тәжікстан Transparency International Index рейтингінде 180 мемлекет ішінде 150-орында тұр. Тәжікстан коррупцияға батқан 30 елдің қатарына кіреді.

XS
SM
MD
LG