Ссылки доступа

Мәскеудегі Тәжікстан елшілігі қызметкерінің соққыға жығылғанын растады


Мәскеудегі Тәжікстан елшілігінің ғимараты
Мәскеудегі Тәжікстан елшілігінің ғимараты

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі 26 қыркүйекте дипломатиялық елшіліктің қызметкері елшілік ғимаратында соққыға жығылғанын ресми растады.

Ақпаратқа қарағанда, 24 қыркүйекте Тәжікстан азаматтарын қабылдау кезінде елшілік қызметкері соққыға жығылып, жарақат алған.

Ұрған адам қамауға алынған.

25 қыркүйекте ресейлік басылымдар 37 жастағы Тәжікстан азаматы Мәскеуде елшіліктің екі қызметкерін сабағанын хабарлаған. Олардың біреуі жүргізуші, екіншісі бас маман екені айтылған.

ТАСС агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап, "Жанжал кезінде ер адам бірінің мұрнын және жағын сындырған. Сонымен бірге оның миы шайқалған. Екіншісі ауыр жарақат алған жоқ", - деп хабарлады.

Соңғы екі айдан бері Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігі алдында отанына қайтуды қалаған азаматтар ұзын-сонар кезекте тұр. Олардың көбі чартерлік рейстер үшін арнайы тізім құруға наразы.

XS
SM
MD
LG