Ссылки доступа

Тәжікстанда түрмедегі оппозиционердің ұлын телебағдарламада сөйлеуге мәжбүрлеген


38 жастағы Асрориддин Розиковтің туыстарының хабарлауынша, ұсталғанына үш ай өткен соң оны мемлекеттік телеарнада мәлімдеме жасауға мәжбүрлеген.

Асрориддин – елде тыйым салынған Тәжікстан ислам өркендеу партиясы жетекшілерінің бірі Зубайдулло Розиктің ұлы. Саясаткер 25 жылға сотталған.

Асрориддин Розиковті биыл маусым айында жұмысқа бара жатқанда ұстады. Оппозиционердің ұлы астанадағы "Корвон" базарында киім сатады.

"Ұсталғанына үш ай өткен соң билік Асрориддиннің мемлекеттік телеарнада сөйлетінін хабарлады. Жақында оны "Хиенат" ("Қиянат") деректі фильмінде көрсетті. Ол терроризмді қаржыландырғаны туралы айтқан. Алдын ала дайындалған сөздерді оқып отырғаны білінді", деді күдіктінің бауыры Хисомиддин Розиков.

Тәжікстан бас прокуратурасының хабарлауынша, Асрориддин Розиков "тыйым салынған саяси ұйым, қоғамдық немесе діни ұйым қызметін ұйымдастырды" деп айыпталған.

Халықаралық Human Rights Watch ұйымы Тәжікстан билігінен Асрориддин Розиковті тез арада босатуын талап етті.

XS
SM
MD
LG