Ресми ақпарат бойынша, Сочи қаласында ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі ел әріптестігінің болашағын талқылайды.
Ресейдегі жұмыс сапарын аяқтаған соң ол Венгрияға ұшады. Бұған дейін хабарланғандай, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан 2018 жылы қыркүйекте Қырғызстанға келіп, Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанатына қатысқан. Сол кезде ол Жээнбековті Венгрияға шақырған. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы әріптестік мәселелерін талқылайды.
Кездесу соңында бірнеше құжат қабылданады. Бұған қоса Жээнбеков Венгрия президенті Янош Адермен және Ұлттық мәжіліс спикері Ласло Кевермен кездеседі.