Ссылки доступа

Зерттеу: бірінші ханым Зироат Мирзияеваның қоры оттегі концентраторларын Қытайдан Өзбекстанға жеткізген


Доставкой в Узбекистан кислородных концентраторов, произведенных китайской компанией Foshan MIC medical Technology Co, Ltd., занимается фонд первой леди Зироат Мирзияевой.

Өзбекстанның бірінші ханымына тиесілі "Замин" қоры Қытайдан Өзбекстанға оттегі конфентраторларын жеткізумен айналысқан. Бұл туралы журналистік зерттеу барысында белгілі болды.

Қытай компанясы оттегі концентраторларын дайындап, оған "Замин" қоры мен "Great Kokand" компаниясының логотиптерін басқан. Foshan MIC medical Technology Co, Ltd. компаниясы Гонконгта тіркелген, оның Гуандунда зауыты бар.

Қытай компаниясы өкілінің айтуынша, Өзбекстандағы түрлі бизнес өкілдері оттегі концентраторына тапсырыс берген. Биыл тамызда компания өз өнімін "Замин" қорына жеткізген. Қытай компаниясының өкілі тауарға қордың логотипі басылғанын айтты.

Foshan MIC medical Technology Co, Ltd компаниясы тауарын MICiTECH брендімен сатады.

– Көбіне үкіметтер тауарды тікелей сатып алмайды, үшінші бір тарапты жалдайды. Өткен айда біз "Замин" қоры арқылы Өзбекстан үкіметі оттегі концентраторларын жеткізді. Тауар біздің зауатта дайындалған", - деді Foshan MIC medical Technology Co, Ltd. компаниясының өкілі.

"Замин" қоғамдық қоры биыл сәуір айында құрылды.

Қор сайтында 4 қыркүйекте жарияланған ақпаратта "Замин" қоры "Өзбекстан тынысы" бастамасын қолдағаны айтылған.

XS
SM
MD
LG