Ссылки доступа

Түркімен билігі жоғары сынып оқушыларын мақта теруге шығарды


 Туркменистана. Принудительный труд на хлопковых полях Туркменистана.
Туркменистана. Принудительный труд на хлопковых полях Туркменистана.

Түркіменстанның шығысындағы Лебап уәлаятына қарасты Фарап ауданында жоғары сынып оқушыларын мақта теруге шығарды. Бұл туралы Азатлык радиосының Лебаптағы тілшісі хабарлады.

"Фарапта 9-10-11 сынып оқушылары күнде мақта теруге шығады. Олар жарты күн жұмыс істейді. Сабақ 13:00-де басталса, олар таңғы 7:30-дан12:00-ге дейін жұмыс істейді. Шенеуніктер оларға мақтаның бір келісіне 20 теңгеден төлеуге уәде берген" деп хабарлады тілші.

Бюджетке қарасты ұйымдар қызметкерлерінің айтуынша, аймақта жұмыс күші жетіспей жатыр, сол себепті оқушыларды да мақта теруге шығарды. Жергілікті мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері басқа аудандарға мақта теруге кеткен.

Тілшінің хабарлауынша, шекара қызметіндегі сарбаздар да мақта теріп жүр. "Олар елу сарбаздан он топқа бөлінген. Сарбаздар ауыл маңында тігілген шатырларда тұрып жатыр".

Түркіменстанда мақта жинау науқаны 9 қыркүйекте басталды. Дәстүр бойынша, науқан ел президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедов батасымен беруімен басталады.

XS
SM
MD
LG