Ссылки доступа

Тәжікстан мен Өзбекстан шекараны ашу мәселесін талқылайды


Премьер-министры Таджикистана и Узбекистана - Кохир Расулзода (слева) и Абдулла Арипов. Архивное фото
Премьер-министры Таджикистана и Узбекистана - Кохир Расулзода (слева) и Абдулла Арипов. Архивное фото

Тәжікстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы шекараны ашып, Ташкент пен Душанбе арасында әуе рейстерін қалпына келтіру мәселесін талқылайды.

Премьер-министр Абдулла Арипов бастаған өзбек делегациясы Душанбеге келеді. Өзбек билігі коронавирус пандемиясы басталғалы бері Тәжікстанға үкімет делегациясын алғаш рет жіберіп отыр.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, өзбек делегациясы құрамына барлық дерлік министрліктер мен мекемелердің өкілдері кірген. Оларға өзбек кәсіпкерлері қосылған - 29 қыркүйекте Душанбеде тәжік-өзбек бизнес форумы өтеді.

Делегациямен келіссөздер кезінде шекараны ашу мәселесі де қаралады деп жоспарланған. Көрші елдер арасындағы шекара 16 наурызда пандемияға байланысты жабылған еді.

Тәжік үкіметіндегі дереккөз мәліметіне қарағанда, Абдулла Арипов Душанбеде "Артель-Авесто" бірлескен тәжік-өзбек кәсіпорынының ашылу салтанатына қатысады. Мұнда тұрмыс техникасы шығарылады.

XS
SM
MD
LG