Ссылки доступа

Қазақстан тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтпақ (видео)


ІІМ мәліметінше, соңғы сегіз айда тұрмыстық зорлық-зомбылық белгісімен 130 мың шағым түскен. Оның тек екі жарым мыңына ғана қылмыстық іс қозғаса, 30 мыңы әкімшілік іске жіберілген.  

31 жастағы Амина күйеуімен төрт жыл бірге тұрып, қазір ажырасқалы жатыр. Қазір ол анасымен бірге тұрады. Күйеуінің әрбір келгені ұрыс-жанжалмен аяқталады.

Парламент Казахстана рассмотрит поправки в закон о семейном насилии
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:28 0:00

Қазақстан парламенті тұрмыстық зорлық-зомбылық жөніндегі заңға енгізілген өзгерістер мен түзетулерді қарап жатыр. Депутаттар кінәлі деп танылғандарды қоғамдық жұмысқа тартып, 20 тәулікке дейін қамауға алуды көздеп отыр. Ал полиция әлеуметтік желілерде жарияланған отбасылық жанжалға қатысты фактілерді бірден зерттеп, тергеуге алуы керек.

Сонымен бірге полиция қызметкерлерінің де құзыреті кеңеймек. Яғни, полиция жәбірленуші мен олардың балаларын отыз күнге дейін күш көрсеткен тарапқа кездестіруге тыйым сала алады. Бұдан бөлек полиция өкілдері қысқа уақыт ішінде зорлық көрсетушіге қатысты қандай да бір шешім қабылдай алады.

Заңға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсынысты қоғам белсенділері көтерген. Олардың арасында "Не молчи" қоғамдық қорының төрайымы Дина Исмаилова да бар. Оның пікірінше, заңға енгізілген өзгерістер тұрмыстық зомбылықты азайтуы мүмкін. Бірақ ол үнемі заңды күшейтіп отыруы керек деп есептейді.

"Бұдан былай ерлі-зайыптының татуласуына тек бір ғана мүмкіндік береді. Зорлық-зомбылық екінші рет қайталанатын болса, жәбірлеуші қатаң жазаға тартылуы керек. Бұл қоғамға да әсер етеді" , – дейді Дина Исмаилова.

XS
SM
MD
LG