Ссылки доступа

Польша теракт жасамақ болды деп күдікке ілінген 5 тәжік азаматын депортациялады


Польша "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қатысы болуы мүмкін деген бес тәжік азаматын депортациялады. Олар Украина мен Польша аумағына адамдарды қатарына тартуға жіберілуі мүмкін деп жазады Radio Poland.

Биыл мамыр айында төрт тәжікстандық ұсталған. Бесінші адам терроризмге қарсы халықаралық қауымдастықтың көмегімен тұтқындалған. Ол былтыр желтоқсан айында Польшадан қашып кеткен.

Польшаның ішкі қауіпсіздік агенттігінің мәліметінше, қашқан адам Сирияға жиһад жасауға бармақ болған.

Енді оларға Польшаға және Шенген аймағына кіруге тыйым салынды.

Биыл 4 тамызда Албания Германияға 24 жастағы тәжік азаматы Комрон Зухуровты берген. Ол да ИМ-ға мүше ретінде күдікке ілінген. Өлкенің прокуратурасы Зухуров Германиядағы АҚШ-тың күш құрылымдарына шабуыл жасамақ болды деп мәлімдеген.

Бұдан бөлек 15 сәуірде Германия Солтүстік Рейн-Вестфалия аумағында теракт жасауды жоспарлаған бір топ тәжікстандықтың ұсталғанын хабарлаған.

"Олар Германиядағы АҚШ-тың күш құрылымдарына немесе исламға қатысты сын айтқан жеке адамдарға шабуыл жасауды көздеген", - деп мәлімдеген еді Германия полициясы.

XS
SM
MD
LG