Ссылки доступа

Өзбекстан бағалы құймаларды елден шексіз шығаруға рұқсат берді


Өзбекстан жеке тұлғаларға Орталық банктің бағалы құймалары мен тиындарын шексіз шетелге алып шығуға рұсқат берді. Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзияев 27 қыркүйекте қол қойды.

"Бағалы металлдардың айналымын реттеуді әрі қарай дамыту жөніндегі" жарлыққа сәйкес, жеке тұлғалар Өзбекстан Орталық банктің бағалы металлдардан жасалған құймалар мен тиындарды шексіз шығарып алып кете алады. Бұл үшін Орталық Бантің, Қаржы министрлігінің және Мемлекеттік салық комитетінің анықтамасы болуы керек.

Егер құймалар мен тиындардың саны заңда белгіленген қалыптан көп болса, баж декларациясын толтыруы керек.

Бұдан бөлек жарлықта Орталық банкке қарасты Бағалы металлдар бойынша агенттікті жойып, оның орнына Бағалы металлдарды сақтау және олармен жұмыс істеу бойынша қызмет құру қарастырылған.

XS
SM
MD
LG