Ссылки доступа

Ресейде түрмеден қашқан тәжікстандық ұсталды


Ресейдің Сургут қаласында түрмеден қашып кеткен 23 жастағы тәжік азаматы ұсталды. Бұл туралы Азаттықтың тәжік қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, аты-жөні айтылмаған тәжік азаматы түрмедегі карантин бөлмесіндегі темір торды майыстырып шығып, қашып кеткен.

Түзеу мекемесі мәлімдегендей, Тәжікстан азаматы екі апта бұрын "тонау" айыбымен бір жылға сотталған. Бір күн бұрын "Аскания" базарында қолға түскен.

Тәжікстандыққа қарсы абақтыдан қашу ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өткен аптада Дағыстанның Шамхал ауылындағы абақтыдан 10 жылдан 14 жылға дейін сотталған 6 адам қашып кеткен.

Ресейдің түрмесінде Тәжікстанның 7 мыңнан астам азаматы бар.

XS
SM
MD
LG