Ссылки доступа

Өзбекстан Тәжікстанның солтүстігінде мектеп салды (видео)


Новая школа на севере Таджикистана, построенная властями Узбекистана
Новая школа на севере Таджикистана, построенная властями Узбекистана

Өзбекстан үкіметі Тәжікстанның Соғды облысына қарасты Навандарсой қышлағында 18 млн. сомониға (1,8 млн доллар) мектеп салды. Он жыл бұрын құрылған қышлақта мектеп болмаған.

Елді мекендегі оқушылар көрші ауылдағы мектепте оқитын.

"Таңертең ерте тұрып, 11 шақырым жердегі мектепке жету оңай емес еді. Өзіміздің қышлақта мектеп болғаны қандай жақсы", - Мадина есімді оқушы.

Ауылда мыңнан астам оқушы бар, енді олар жаңа мектепте екі ауысымда оқиды. Білім мекемесінде 28 сынып және акт залы бар.

Навандар қышлағында 5 мыңнан астам адам, ал оның төңірегіндегі ауылдарда тағы 3 мыңға жуық адам тұрады. Олардың дені екі - тәжік және өзбек тілдерінде сөйлейді. Сол себепті мектепте балалар екі тілде оқиды.

Тәжікстан мен Өзбекстан қарым-қатынасы 2016 жылы өзбек президенті Шавкат Мирзияев билігі тұсында жақсара түсті.

Узбекистан построил на севере Таджикистана школу на 18 млн сомони
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:41 0:00

XS
SM
MD
LG