Ссылки доступа

Будапешт қаласында Шыңғыс Айтматов бағы ашылады


Иллюстративное фото

Венгрия астанасында әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов атындағы бақ ашылады. Оған Қырғызстан делегациясы қатысады. Бұл туралы қырғыз президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

28 қыркүйекте президент Сооронбай Жээнбеков ресми сапармен Венгрияға келді.

Мемлекет басшысы мұнда Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесіп, стратегиялық әріптестік туралы декларация қабылдайды.

Сонымен бірге Жээнбеков Венгрия президенті Янош Адермен және Ұлттық мәжіліс төрағасы Ласло Кевермен кездеседі.

Бұның алдында Сооронбай Жээнбеков Сочи қаласына барып, Ресей президенті Владимир Путинмен жүздескен.

XS
SM
MD
LG