Ссылки доступа

"Иттифок" қышлағының тұрғындарын Рахмонмен кездесуге жібермеді (видео)


В одном из кишлаков Вахшского района. 2018 год
В одном из кишлаков Вахшского района. 2018 год

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Вахш ауданына қарасты Иттифок ауылының тұрғындарын президент Эмомали Рахмонмен кездестірмеді.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 23 қыркүйекте Вахш ауданына барған.

Иттифок ауылының тұрғыны Парвина Мукимованың айтуынша, өздерін таныстырмаған бірнеше ер азамат оларды аудан орталығына жібермеген.

"Біз оларды тыңдамай, орталыққа қарай жүре бердік. Олар артымыздан еріп жүрді. Біреуі менің қолымнан қатты тартып қалды. Мен құлап түстім. Біз үйге қайтуға мәжбүр болдық", - дейді ауыл тұрғыны.

Иттифок ауылында 320 отбасы тұрады. Мұнда әлі күнге дейін мектеп жоқ. 500 оқушы көрші ауылдағы мектепке қатынап оқиды. Тұрғындар мемлекет басшысына осы мәселені айтқысы келген.

Тәжікстан президентінің сайтында Рахмонның Вахш ауданына сапары туралы ақпарат жарияланды. Онда тұрғындар "мемлекет басшыларына алғыс айтты" делінген.

"Президент делает акцент на образовании, но нашим детям негде учиться"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:28 0:00

XS
SM
MD
LG