Ссылки доступа

Баку мен Ереван Қарабақтағы жанжалдың қайта тұтануына бір-бірін айыптады


Нагорный Карабах

Таулы Қарабақта жанжалдасуы қос тарап жағдайдың шиеленісуіне бір-бірін айыптады.

Бакудің мәлімдеуінше, армян армиясы шабуылды бірінші бастады, бірақ Әзербайжан әскері оған тойтарыс берді. Ереван болса қарсыластың шабуылын қайтардық деп хабарлады. Бұған қоса, Армения аймақта үлкен аумақты қамтитын қару қолдануы мүмкін екенін ескертті.

Ереванның мәлімдеуінше, Гардут қаласына жасалған соққы салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза тауып, үш адам жараланған. Таулы Қарабақ билігінің хабарлауынша, жанжал өршіген екі күнде 84 жауынгер қаза тапқан. Әзербайжанның қорғаныс минстрлігі ондаған сарбаз қаза тапқанын растады.

Екі елде де әскери жағдай жарияланып, мобилизация басталды. Армения үкіметі 18-ден 55 жасқа дейінгі ер азаматтарға елден шығуға шектеу қойды.

Жанжал ушыққан тұста Әзербайжан билігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бұғаттады.

Таулы Қарабақ жанжалы совет заманынан бері шешілмей келеді. Армяндар көп тұратын аймақ 1990 жылдардың басында Әзербайжан бақылауынан шығып кетті. Сол кезде әскери қақтығыс салдарынан кем дегенде 30 мың адам қаза тауып, жүз мыңдаған адам босып кетті.

Қарабақтағы жанжалды бейбіт жолмен шешкісі келетін елдер, соның ішінде Ресей мен АҚШ қос тарапты атысты тоқтатуға үндеді. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш те осындай мәлімдеме жасады.

XS
SM
MD
LG