Ссылки доступа

Мәскеу түбінде 40-қа жуық тәжік мигранты ұсталды (видео)


В подмосковном Одинцово задержаны около 40 мигрантов из Таджикистана
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:22 0:00

Мәскеу облысындағы Одинцово ауданында 40-қа жуық тәжік мигранты ұсталды. Оларда жұмыс істеуге рұқсат ететін патент болмаған.

Қамаудағы мигранттар Азаттықтың өзбек қызметіне хабарласып, 29 қыркүйектен бері қиын жағдайда өмір сүріп жатқанын жеткізген.

"Бізді полиция бөлімшесіне жеткізді. Түні бойы еден жудық. Нәр татпадық. Қатты шаршадық", - дейді мигранттардың бірі.

Мәскеудегі Тәжікстан елшілігі Одинцоводағы мигранттар жағдайынан хабардар екенін, заң аясында көмек көрсететінін мәлімдеді.

Ресейде тұратын тәжік құқық қорғаушысы Мұхаммад Собиров сейсенбі күні ұсталғандарды сотқа жеткізді деп хабарлады.

"Олардың көбінің патенттері тек Мәскеуде жұмыс істеуге ғана рұқсат етілген. Ал Одинцовода бұл патент жарамсыз. 2016 жылдан бері Ресейде жұмыс істегісі келетін шетел азаматтары үшін осындай өзгерістер енгізген. Патентті қай жерден алсаң, тек сол аймақта ғана жұмыс істей аласың", - дейді құқық қорғаушы.

Бірақ таяуда Ресей президенті Владимир Путиннің коронавирус пандемиясына байланысты елінде қалған шетел азаматтарына 15 желтоқсанға дейін тіркеусіз тұруға рұқсат беретін жарлығы шықты.

Қыркүйек айының басында Мәскеу түбіндегі Щербинка қаласында 50-ге жуық тәжік мигрантының құқық қорғау органдары тарапынан соққыға жығылғаны хабарланған. Бірақ полиция өкілдеріне қатысты тергеу жүрмеген. Себебі, мигранттар депортациялаудан қорқып, шағым түсірмеген.

Ресми мәлімет бойынша, Ресейде 1 млн-нан астам тәжік мигранты бар. Құқық қорғаушылар олардың құқықтары жиі бұзылатынын айтып келеді.

XS
SM
MD
LG